Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Меккедегі қайғылы оқиғадан кейін қажылықты өткізу жоспары өзгереді

25 Қыркүйек 2015, 10:11
0
© Wikipedia.org
© Wikipedia.org

Сауд Арабиясының королі Салман ибн Абдул-Азиз Әл Сауд Мекке маңындағы қайғылы оқиғадан кейін қажылық бағдарламасын өткізу жоспарын өзгертуді тапсырды, - деп хабарлайды РИА Новости. Еске сала кетейік, 24 қыркүйекте Меккеде қажылық кезінде 800-ден аса адам қысылып өлген болатын.

Сауд Арабиясының басшысы болған оқиғаны мұқият тергеуді тапсырды. Ел билігі осы іс бойынша арнайы комиссия құрды. Құтқару операциялары әлі де жалғасып жатыр. Жақын маңда орналасқан аууханалардың дәрігерлері зардап шегушілер санының өсуінен үлгермей жатқандарын айтты. Ел билігі ауруханаларда орын босату үшін емделушілерді тікұшақ арқылы эвакуациялап жатыр.

Қайғылы оқиғаның кезек сақтамағандықтан болғаны анықталды. Сауд Арабия билігі қажылыққа барғандарға салтты орындау үшін топ-тобымен баруды реттейтін арнайы кесте алдын ала таратыпты. "Қайғылы оқиға африкалықтардың кезекті сақтамауынан және салтты орындауға өз уақытында бармауынан болды", - деп хабарлаған куәгерлер. Салтты орындауға арналған кестенің бірнеше тілде басып шығарылған қағаз ретінде таратылғаны айтылады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай