15 қаңтар 2018 13:33

Мектептегі қанды қырғын: Оқиғаның мән-жайы анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: vk.com/Вотинов Андрей Фото: vk.com/Вотинов Андрей

Ресейдің Пермь өлкесінде болған төтенше жағдайдың мән-жайы анықталды, - деп хабарлайды РИА Новости Тергеу комитетіне сілтеме жасап.


Ресейдің Пермь өлкесінде болған төтенше жағдайдың мән-жайы анықталды, - деп хабарлайды РИА Новости Тергеу комитетіне сілтеме жасап.

Жанжал екі жасөспірімнің пышақпен қаруланып, сабақ үстінде төбелесуінен басталған, оларды мұғалімдер мен оқушылар ажыратпақ болған. Қазіргі уақытта екі адамның ауыр жағдайда ауруханада жатқаны анықталып отыр. 

ІІМ-нің өлкелік басшысының мәліметінше, жанжалдасқандардың бірі психоневрологиялық диспансер есебінде тұрған.

Күдіктілер ұсталып, олардан жауап алынып жатыр. 

Еске салайық, осының алдында Ресейдің Пермь өлкесінде екі адам мектепке шабуылдап, салдарынан сегіз оқушы мен мұғалім пышақ жарақатын алғаны хабарланған. Оқиға орнына Пермь өлкесінің губернаторы Максим Решетников пен Аймақтық қауіпсіздік министрлігінің қызметкерлері аттанған. 


Фото: vk.com/Вотинов Андрей

Оқиға №127 мектепте жергілікті уақыт бойынша сағат 10.19-да болған. "Екі қылмыскер бетперде киіп, мұғалім мен оқушыларға шабуыл жасаған. Қарулы шабуылдың салдарынан тоғыз адам зардап шекті: бір мұғалім мен сегіз оқушы", - деді ол.

Оқиға орнында жедел жәрдем мен полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети