27 шілде 2014 19:52

Меркель неміс барлаушыларына АҚШ-ты аңдуды тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото dw.de сайтынан алынды Фото dw.de сайтынан алынды

Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғалы бері неміс барлаушыларына алғаш рет АҚШ пен Ұлыбританияны қадағалау тапсырылды, деп хабарлайды "Вести.Ru". Бұл тапсырманы Германия канцлері Ангела Меркель берді.


Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғалы бері неміс барлаушыларына алғаш рет АҚШ пен Ұлыбританияны қадағалау тапсырылды, деп хабарлайды "Вести.Ru". Бұл тапсырманы Германия канцлері Ангела Меркель берді.

Еуропада тыңшылыққа қатысты дау-дамай әлі күнге дейін басылмай тұр. БАҚ атап өткеніндей, Меркель америкалық Орталық барлау басқармасы (ОББ) мен британдық MI-6 қызметіне қарсы әрекетке көшкендей. Бұл тапсырмаға сәйкес немістің барлау қызметі Берлинді Вашингтон мен Лондонның жасырын жоспарларымен жүйелі түрде хабардар етіп отыруы керек болады. Бундестагта бұл әрекетті "адамдардың жеке өміріне араласудың арты неге апарып соқтыратынын көрсетуге бағытталған" деп баға берілуде. Меркельдің пікірінше, бұл шара екі неміс тыңшысының ОББ нұсқауымен канцлер телефонын тыңдағаны әшкере болғаннан кейін қабылданған.

Еске саламыз, шілденің 2-сі күні Германияда АҚШ-қа құпия мәліметтерді беріп отырғаны үшін тыңшы қамауға алынған болатын. Осы оқиғадан кейін Меркель ханым бұл әрекеттен кейін екі елдің бір біріне деген сеніміне сызат түсуі мүмкін екенін ескерткен. Германия канцлері мен АҚШ президенті Барак Обама екеуара телефон арқылы сөйлескен уақытта Ақ үй басшысы америкалық биліктің Германиямен арадағы ынтымақтастықты құпия қызмет деңгейіне дейін кеңейтуді көздейтінін айтқан.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети