30 желтоқсан 2017 12:05

Мейірбике жансақтау бөліміндегі науқастарды мазақ еткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ntv.ru © ntv.ru

Ресейде Сахалинск облысының денсаулық сақтау министрлігі ауыр халде жатқан науқастардың жанында суретке түсіп, олар жайлы немқұрайлы сөйлеген мейірбикенің әрекетіне қатысты тексеру жүріп жатыр, - деп хабарлады РИА Новости ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметі "пациентке деген құрмет пен қайғысына ортақтаса білу - медицина қызметкерін ілгері тартатын басты қасиет", деген Ресейдің еңбек сіңірген дәрігері, облыстық балалар ауруханасы жансақтау бөлімінің меңгерушісі Виктор Немецтің де сөзін келтіріп отыр. Оның айтуынша, дәрменсіз күйдегі адамның алдында өзін-өзі сүюшілік немесе батырлық таныту болмау керек.

Жергілікті БАҚ мәліметтеріне қарағанда, медбике бұл түсірілімді Оңтүстік Сахалинсктегі жүрек-қан тамырлары хирургиясы ауруханасының жансақтау бөлімінде жүргізген. Ол дөрекі пікірлер жазылған суреттерді әлеуметтік желілерде жариялаған. Жазбада дәрігерлерге қатысты да сөздер бар, ол науқастарға не болса да дәрігерлерге бәрібір екенін айтқан. Видеоны мына жерден көруге болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети