28 қыркүйек 2015 17:15

Михаил Горбачев шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Михаил Горбачев. © РИА Новости Михаил Горбачев. © РИА Новости

КСРО-ның бұрынғы президенті Михаил Горбачев денсаулығының күрт нашарлауына байланысты Мәскеуде шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды LifeNews.


КСРО-ның бұрынғы президенті Михаил Горбачев денсаулығының күрт нашарлауына байланысты Мәскеуде шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды LifeNews.

Басылымның мәліметінше, дәрігерлер дүйсенбіге қараған түні Горбачев өзін нашар сезінгеннен кейін оны ауруханаға жатқызу туралы шешім қабылдаған. Алайда Горбачев өзінің ауруханада жатқаны туралы ақпаратты жоққа шығарыпты. Айта кетейік, бұған дейін Горбачев оның денсаулығы сыр беріпті деген қаңқу сөздерден кейін көпшіліктің алдына шықты. Ол неміс журналисі әрі саясаткер Вильфрид Шарнагльдің "Смена курса" атты кітабының тұсаукесерінде сөз сөйледі.

Михаил Горбачев - КСРО-ның алғашқы және соңғы президенті (1990-1991 жылдары), Нобель сыйлығының лауреаты (1990 жылы). Бас хатшы ретінде ол КСРО-да болған фундаметалды өзгерістердің, жариялық пен қайта құрудың, Батыс Еуропа мен АҚШ арасындағы халықаралық қатынастардың өзгеруінде бастаушы болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети