Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Минск келіссөздері кезінде журналистер түсірілген видеолар көп талқылана бастады

13 Ақпан 2015, 13:04
0
Украина оққағары Ресей журналисінің аузын жауып, сұрақ қойғызбады. ©YouTube/17 Канал
Украина оққағары Ресей журналисінің аузын жауып, сұрақ қойғызбады. ©YouTube/17 Канал

Минскіде "норманд төрттігінің" қатысуымен өткен келіссөздер ақпарат құралдары қызметкерлерінің кейбір жанжалдарымен есте қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Интернетте қауіпсіздік қызметкерлерінің саммиттен журналистерді қуып, оларға сұрақ қойғызбаған сәттері түсірілген видеороликтер пайда болды. 

Оқыс оқиғалардың бірі Минскіге Украина президенті Петр Порошенконың келген бетінде болды. Президент сарайына кірген бойда оны Беларусь басшысы Александр Лукашенко қарсы алды. Сол кезде "Россия-1" телеарнасының журналисі Павел Зарубин арандату сипатындағы сұрақтарын айқайлап қоя бастады. "Порошенко мырза, неге сіздің жасақтарыңыз бейбіт халықты бомбалап жатыр?" - деді ол. Украина президенті журналистің сұрағына мән берместен Лукашенкомен бірге келіссөздер орнына қарай өтіп кетті. Журналист бірден ғимараттан шығарылды. 

НТВ телеарнасының видеосы

Кейін журналист LifeNews телеарнасына сұхбат берді. "Президент Порошенкоға бұл сұрақты әлдеқашан қою керек еді - егер олар халық жасақтарымен немесе қайдағы бір ресейлік жасақтармен соғысып жатқан болса, не себепті бейбіт тұрғындарға оқ атады? Мұны сабырлы жағдайда, баспасөз мәслихатында жасау керектігі сөзсіз, бірақ LifeNews телеарнасы жақсы біледі, соңғы жыл ішінде Украинада, Киевте жұмыс істеу әсте мүмкін емес - журналистерді ұрып-соғады, ешқандай шараларға аккредиттемейді", - деді Зарубин Минскідегі келіссөздерден соң.

Минскіде тағы бір оғаш жайт LifeNews тілшісі Александр Янышевтің қатысуымен болды. Желілерде оның украин әріптестеріне итше үргені түсірілген видео пайда болды. Украинаның ТСН телеарнасы жігіттен оның кәсіби қызметі туралы сұрады. Ал тілші: "Ал сіз өз ұлтыңызды қалай сипаттайсыз? Қыздар, танысайық, менің атым - Саша" деп жауап берді де журналист қызға жақындап келіп, ит сияқты қатты үріп берді. Басқа ақпарат құралдарының қызметкерлері журналисті мұндай қылығы үшін залдан шығарып жіберуді сұрады, бірақ қауіпсіздік қызметі оған тек ескерту ғана жасады. 

YouTube/Mister Prusman видеосы

Минскідегі келіссөздерден соң Украина президентінің күзет қызметі "Россия 24" телеарнасының журналисіне Порошенкоға сұрақ қойғызбады. Кадрдан Порошенконың белорус әріптесіне қол беріп, шығуға ыңғайланғанын көруге болады. Сол кезде тілші сұрақ қоя бастады: "Сіз ... нәтижелерін қалай бағалайсыз..." деп жатқанда, оны күзетші құшағына қысып, аузына жаба қойды. Ер адам Порошенко ғимараттан шығып кеткеннен кейін ғана қызды босатты. 

17-арна видеосы

Еске салайық, Минск келіссөздері 12 ақпан күні аяқталды. Оған Петр Порошенко, Владимир Путин, Франсуа Олланд, Ангела Меркель және ДХР басшысы Александр Захарченко мен ЛХР басшысы Игорь Плотницкий қатысты. Келіссөздер қорытынды декларациямен аяқталды, онда 15 ақпаннан бастап атысты тоқтату, артиллерия жүйесін кем дегенде 50 шақырымнан алысқа алып кету, ені 70 шақырым болатын буфер аймағын құру, кепілге алынғандарды "бәрін бәрі үшін" схемасы бойынша алмасып, босату қарастырылды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай