09 қазан 2016 12:27

Минскте бензин ара мен балта ұстаған біреу адамдарға шабуыл жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Vesti.ru © Vesti.ru

Беларусь астанасы Минскте бензин ара мен балта ұстаған біреу "Европа" сауда үйінде адамдарға шабуыл жасады, - деп хабарлайды жергілікті Onliner.by басылымы. 


Беларусь астанасы Минскте бензин ара мен балта ұстаған біреу "Европа" сауда үйінде адамдарға шабуыл жасады, - деп хабарлайды жергілікті Onliner.by басылымы. 

Порталдың мәліметінше, бір қыз алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапса, екіншісі қаланың 10-шы ауруханасына жеткізіліпті. РИА Новости әйелдің жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатқанын хабарлады. 46 жастағы әйелдің кеудесіне және иығына балтамен екі мәрте соққы жасалған. 

Беларустің Тергеу комитетінің ресми өкілі Юлия Гончарова сауда үйінде болған оқиғаға байланысты "Кісі өлтіру" дерегі бойынша қылмыстық істің ашылғанын һхабарлады. Айтуынша, шабуыл жасаған адам ұсталған, құқық қорғау органдары жұмыс істеп жатыр. 

Сөйтсе, 1998 жылғы ер адам "Европа" дүкеніне 17.20-17.30-да кірген. Оның қолында гитараның қабы болыпты. Оның ішінен ол бенщин араны алып шығып, адамдарға шабуыл жасай бастаған. Кейін балта алып шығып, екінші әйелге соққы жасаған. Қазір оқиға орнында жедел-тергеу шаралары жүріп жатыр. маман-криминалистер жұмыс істеді. Тергеу комитеті бұл істі бақылауға алды.

Осыдан кейін 18 жастағы күдіктінің өлім жазасына кесілуі мүмкін екендігі хабарланды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети