Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Мысыр миллиардері босқындарға бір аралды сатып әперетін болды

04 Қыркүйек 2015, 09:32
0

Мысыр миллиардері Нагиб Савирис Италия мен Грекияның билік басшыларынан босқындарға арнап бір аралды сатып алғысы келетінін айтты. Бұл туралы кәсіпкер Twitter желісіндегі парақшасында жазды.

"Грекия немесе Италия, өз аралдарыңыздың бірін сатыңыздаршы. Мен оны тәуелсіз етіп жариялап, босқындарды қабылдаймын, жұмыспен қамтимын. Онда олар өздерінің жаңа отанын салады", - деп жазды Савирис. 

Батыстың бұқаралық ақпарат құралдары байлығы 3,1 миллиард долларға бағалатын отырған Савиристің Жерорта теңізінде 10-100 миллион доллар аралығында бір аралды сатып алуға мүмкіндігі бар екенін жазады. 

2015 жылдың басынан бері Еуроодаққа 340 мыңнан аса босқын ауып келді. Африка, Таяу Шығыстан ағылған адамдар Грекия, Сербия, Италия, Венгрия сияқты елдерге жетті. Бұған дейін Еуропалық одақ одаққа мүше елдердің әрқайсысына Грекия мен Италияға келіп үлгерген босқындарды 40 мыңнан үлестіруге шешім қабылдаған болатын. Оның үстіне қосымша 20 мың босқынды үшінші елдерден әкелуге мүмкіндік туды. 

Айта кетейік, сириялық үш жасар Айлан Курдидің өлімі босқындардың өміріне бүкіл әлемнің назарын аударды. Баланың жағалауға шығып қалған жансыз денесінің суреттерін көргендер Желіге баланың құрметіне арнап салған суреттерін жариялай бастады.

Сириялық бүлдіршіннің қазасынан кейін, басылымның мәліметінше, Еуроодақ көшбасшылары босқындардың мәселесін оңтайландыруға көшкен. Financial Times мәліметінше, Брюссель ЕО-ға мүше мемлекеттер қабылданып жатқан босқындардың санын төрт есе көбейтеді. Франция билігі болса өз кезегінде Брюссельдің ұсынысын қабыл алатынын мәлімдеп, таяу күндері бұл мәселені Германиямен талқылайтынын жеткізді. Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон босқындардың санын көбейтуге дайын екенін хабарлады.

Ал Еурокомиссияның президенті Жан-Клод Юнкер келесі аптада ЕО-ға мүше елдерді Грекиядан, Италиядан және Венгриядан 160 мың босқынды қабылдауға шақырғалы жатыр. Ал осыдан екі апта бұрын тек 40 мың адам туралы сөз қозғалған еді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай