29 наурыз 2016 17:05

Мысырда әйеліне хат жеткізіп беруді талап еткен ер адам Egypt Air ұшағын басып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Ұрланған Egypt Air бортында сегіз адам: экипаждың бес мүшесі мен үш жолаушы қалып отыр, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы әуе компаниясының өкілдері мәлімдеген. Еске салайық, бүгін Egypt Air әуе компаниясының ұшағын америкалық Атланта штатының мұғалімі Ибрагим Самаха басып алған еді. Ол талабы орындалмаса, командир мен жолаушыларға өлімші белбеуін жарып жіберетінін айтып, қорқытқан. Қорытындысында ұшақ Ларнак қаласындағы әуежайға қонды. Лайнерді басып алу жайлы мәлімет полицияға 08.30-да түскен.

"Александрия - Каир" ішкі рейсін орындаған мысырлық A320 лайнерінің бортында үш жолаушы мен экипаждың бес мүшесі бар. Бұл мәлімет Еуропарламент өкілі Мартин Шульцтің мәліметіне сәйкес келмейді. Осыған дейін ол жолаушылар мен экипаж мүшелерінің босатылғанын хабарлаған еді.  

Жергілікті БАҚ мәліметінше, ұшақты басып алған адам төрт беттен тұратын хатты жеткізіп беруін сұрап отыр, онда бір әйелге арналған мәтін араб тілінде  жазылған. Ол оның бұрынғы әйелі екен, ол Кипрде тұрып жатыр. Бастапқыда ер адам пилоттан әуе лайнерін Түркияда қондыруды сұраған, бірақ пилот отынның аздығын айтып, қарсы болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети