Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Мысырдың премьері жоғалып кеткен EgyptAir ұшағының бортында теракт болуы мүмкін екенін жоққа шығармады

19 Мамыр 2016, 14:25
0
© Ptzgovorit.ru
© Ptzgovorit.ru

Мысырдың премьер-министрі Шериф Исмайыл EgyptAir әуе компаниясына тиесілі ұшақтың бортында теракт болуы мүмкін екенін жоққа шығармады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Тілшілерге берген сұхбатында ол "ұшақтың не себепті жоғалып кеткенін" айтуға әзірше ерте деп есептейтінін жеткізді. Сонымен қатар, премьер-министр бортта теракт болуы мүмкін екенін де жоққа шығарған жоқ.

Айта кетейік, ұшақ радардан Каир уақыты бойынша сағат 02.45-те жоғалып кеткен болатын. Ұшақ ол кезде Мысырдан 80 миль жерде болған. Ол радардан Грекияның аумағына кіргеннен кейін 20 минуттан соң жоғалып кетті. Ақпарат құралдарының мәліметінше, ұшақ Жерорта теңізіне құлаған.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай