30 тамыз 2017 21:48

Нағыз драма: Түркияның танымал актері ашынасының қолынан қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© gunes.com © gunes.com

Түркиядағы танымал актер, тележүргізуші әрі жазушы Ватан Шашмазды Ыстамбұлда ашынасы Филиз Акер атып өлтірген. Ер адамның арқасына төрт оқ тиген, ал 51 жастағы әйел осыдан кейін өзін атқан. Оқиға 27 тамызда Conrad Otel қонақүйінде болған, - деп хабарлайды 1news.az түрік БАҚ-тарына сілтеме жасап.


Түркиядағы танымал актер, тележүргізуші әрі жазушы Ватан Шашмазды Ыстамбұлда ашынасы Филиз Акер атып өлтірген. Ер адамның арқасына төрт оқ тиген, ал 51 жастағы әйел осыдан кейін өзін атқан. Оқиға 27 тамызда Conrad Otel қонақүйінде болған, - деп хабарлайды 1news.az түрік БАҚ-тарына сілтеме жасап.

2009 жылы Шашмаз бен Акер көңіл қосқан екен, алайда олардың махаббаты ұзаққа созылмаған. Айырылысқаннан кейін актер екі рет үйленіп үлгерген. Осы уақыт бойы Филиз Акер оны өзіне үйленуді талап етіп, 2011 жылы актер бірінші рет үйленгенінде уланып өлмекші болыпты. 

Сөйтсек, ол бұған дейін де сүйіктісін өлтірмек болыпты: "Мен оған 3-4 миллион ақшамды жұмсадым, ешкімге де бермеймін. Ажыраспаса - өлтіремін". 


Ватан Шашмаз 


Филиз Акер

Филизді танитындар оның психикалық ауытқуы бар болуы мүмкін деген болжамды айтып отыр. Оның туыстарының бірі (аты-жөнін атамаған) Акердің мына сөздерін еске алады: "Сауық кешін ұйымдастырып, бәрін атып өлтіремін де, өзіме қол саламын".

Ал Желіде қонақүйде орнатылған бақытау камераларына түсірілген видео пайда болды. Бірінші кадрда Шашмаздың қонақүйге кіргені көрінген, ал келесі кадрда Филиз Акер өз бөлмесіне кіреді, сәлден кейін ол жаққа Ватан Шашмаз кірген. Соңғы кадрлардан оқиға орнына жеткен полицейлердің көруге болады. 

Түрік БАҚ-тары оқиға орнынан бірінші видеоны да жариялап үлгерді. Бұлыңғырлатылған кадрлардан қан жоса болған ер адамның еденде, ал әйелдің төсекте жатқанын көруге болады.

Тергеушілер экс-модельдің бұл қадамға бару үшін көп дайындалғанын анықтапты. Сөйтсек, Филиз Акер Conrad Otel қонақүйіндегі бөлмесін бір жарым ай бұрын брондап қойыпты. Сол уақытта ол зираттан орын сатып алып, тасын да әзірлеген. 

Әйел өз бөлмесіне көтерілмес бұрын, алкогольмен "Ксанакс" препаратын қолданған. Бұл психотроп затпен бірнеше жыл бұрын суицид жасамақшы да болыпты. Қазіргі уақытта тергеушілер әйелдің қонақүйге Smith&Wesson тапаншасын қалайша алып кіргенін анықтау үстінде. Акердің өз үйінде қару алып жүруге рұқсаты болған. Қаруға рұқсатты ол өткен жылы Ыстамбұлдағы Шишли ауданында тұратын сіңлісінің үйін көрсетіп алғаны анықталып отыр. Яғни оның қонақүйге қару алып кіруге рұқсаты болмаған. 


Филиз Акер сән бизнесімен айналысқан, анда-санда фильмдерге де түсіп жүрген.


Түркияға келмес бұрын ол АҚШ-та бұрынғы сүйіктісі - иран миллионерімен бірге болған.

"Орны толмас қаза. Мұндай оқиға болмауы керек еді. Ватан өте көңілді, қайырымды адам еді. Ол есінен адасқан әйелдің құрбанына айналды. Ол бұл қылмысын жоспарлаған, Ватан сол құрыққа түсті", - деп мәлімдепті марқұмның ағасы. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети