11 қазан 2015 00:13

Назарбаев Анкара қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанға Анкара қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Жеделхатта қайғылы оқиғаның салдарынан бейбіт шеруге қатысқан көптеген жазықсыз азаматтар қаза тапқаны және зардап шеккені туралы хабарды Елбасы зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.

Нұрсұлтан Назарбаев барша Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан бауырлас түрік халқына, қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді. 

Еске салайық, соңғы мәліметтер бойынша, Анкарада қаза тапқандардың саны 86-ға жетіп отыр. Түркиядағы теміржол вокзалының маңында екі жарылыс болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети