28 қаңтар 2019 18:37

Назарбаев Бразилия президентіне көңіл айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Нұрсұлтан Назарбаев Бразилия Федеративтік Республикасының Президенті Жаир Мессиас Болсонаруға көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
 
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Минас-Жерайс штатындағы бөгеттің бұзылуы салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Осындай қиын сәтте Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан Сізге, қаза тапқандардың туған-туысқандары мен жақындарына, сондай-ақ барша Бразилия халқына көңіл айтамын.

Қайғыларыңызға ортақтаса отырып, зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестігімді білдіремін", - делінген жеделхатта.

Еске салайық, өткен жұмада таңғы уақытта Минас-Жерайс штатындағы Брумадинью муниципалитетінде бөгет жарылды. Бөгеттің жұмысы үшін Vale тау-кен қазу компаниясы жауапты. Лай батпақ компанияның әкімшілік ғимаратын және тұрғындардың үйлерін басып қалған. Алайда төтенше жағдай туралы апатты ескерту дабылы қосылмаған. 

Жексенбіде 58 адамның қайтыс болғаны және 305 адамның із-түссіз жоғалып кеткені хабарланды. Осыған дейін 37 адам қайтыс болғаны және 280 адам іздестіріліп жатқаны айтылған. 

Лай астынан қазылып шығарылған жолаушылары бар автобусты тапқаннан кейін қайтыс болғандар саны өскен. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети