26 наурыз 2018 12:09

Назарбаев Кемеровтегі қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Нұрсұлтан Назарбаев Кемеревте болған қайғылы оқиғаға байланысты Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Нұрсұлтан Назарбаев Кемеревте болған қайғылы оқиғаға байланысты Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Кемерово қаласының сауда және ойын-сауық орталығындағы өрт салдарынан көп адамның қаза тапқаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақ екенімді жеткізуіңізді сұраймын.

Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдіремін", - делінген жеделхатта.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, өрт салдарынан зардап шеккендердің саны 48 адамға жетті. Олардың 12-сі - ауруханада. Екеуі ауыр жағдайда жатыр. Сондай-ақ, 9 баланың қаза болғаны айтылады.

Еске сала кетейік, осыған дейін төтенше жағдайдан кейін 64 адамның жоғалып кеткені, олардың 41-і балалар екені хабарланған еді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети