20 тамыз 2018 11:56

Назарбаев Кофи Аннан жайлы: Адал және парасатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы Кофи Аннанның өліміне байланысты оның туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы Кофи Аннанның өліміне байланысты оның туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Жеделхатта Мемлекет басшысының Біріккен Ұлттар Ұйымының бұрынғы бас хатшысы Кофи Аннанның өлімі жайлы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны айтылады.

"Кофи Аннан халықаралық деңгейдегі танымал саясаткер ретінде бүкіл ғұмырын әлемде тұрақтылық пен бейбітшілік орнатуға арнады.

Осыдан біраз жыл бұрын Кофи Аннан сынды парасатты, адал әрі мейірбан тұлғамен таныстым. Жаһандық дамудың өзекті мәселелеріне қатысты ұстанымдарымыз ұқсас болатын. Мен әлі күнге дейін кездесулеріміз бен өзара әңгімелескен сәттерімізді жылы сезіммен еске аламын", - делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы Кофи Аннанның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Еске сала кетейік, бұл қайғылы жағдай жайлы 18 тамызда хабарланған еді. "Біз бүгін ұлы адамды, лидерді және визионерді - БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Кофи Аннаннан айырылып, қайғырып отырмыз", - делінген еді ұйымның хабарламасында. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети