Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 340.11
EUR / KZT - 407.93
CNY / KZT - 51.61
RUB / KZT - 5.91

Назарбаев пен Ренцидің лифтте қамалып қалуы көп мәселе туғызды - Милан мэрі

07 Шілде 2015, 17:10
0
Нұрсұлтан Назарбаев пен Маттео Ренци. © REUTERS
Нұрсұлтан Назарбаев пен Маттео Ренци. © REUTERS

Нұрсұлтан Назарбаев пен Италияның Премьер-министрі Маттео Ренцидің лифтте қамалып қалғаны көп мәселе туғызды. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Милан мэрі Джулиано Пизапиа айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әрине, бұл өте көп мәселе туғызды, бірақ ең бастысы оқиғаның жақсылықпен аяқталғаны. Кеше Президентті көргенімде, Миландағы болмашы оқиғаның ұмытылғанын көрдім", - деді тілшілердің сұрағына жауап берген мэр.

Ал Джулиано Пизапианың ресми өкілі мұндай жағдайдың өмірде болып тұратынын атап өтті.

Еске сала кетейік, 28 маусымда Қазақстан Президенті мен Италия премьер-министрі Маттео Ренци Миландағы Қазақстан-Италия бизнес-форумына барған кезінде лифтте қамалып қалған болатын. Бұл туралы Италияның ақпарат құралдары хабарлады. Оқиғаны дереу ретке келтіру үшін өртсөндірушілер балтаны қолданған.

 

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай