06 сәуір 2016 20:00

Назарбаев Вьетнамның жаңа президентін лауазымымен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вьетнам президенті Чан Дай Куанг. © Inshe.tv Вьетнам президенті Чан Дай Куанг. © Inshe.tv

Нұрсұлтан Назарбаев Чан Дай Куангты Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті екі елдің арасындағы ынтымақтастық көптеген салаларда жүйелі түрде нығайып келе жатқанын қанағаттанушылықпен атап өтті. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Вьетнам арасындағы достық пен өзара түсіністік қарым-қатынастарға негізделген тиімді байланыстар екі республиканың игілігі үшін қарқынды дами беретініне сенім білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев Чан Дай Куангке мықты денсаулық, қызметіне табыс, ал достас Вьетнам халқына бақ-береке тіледі.

Еске салайық, Чан Дай Куанг 2 сәуір күні ант қабылдаған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети