23 қаңтар 2018 09:23

Неміс дәрігері іші пысқаннан 100-ден аса науқасқа улы екпе салған

ПОДЕЛИТЬСЯ

6 науқасты өлтірді деп айыпталып, өмір бойына бас бостандығынан айырылған неміс дәрігері Нильс Хегельге тағы 97 адамды өлтірді деген айып тағылды, - деп хабарлайды DW. Маманға жансақтау процедурасы ұнаған екен және ол адамдарды өлімнен арашалап алатын шеберлігін басшыларына көрсетпек болыпты. 


6 науқасты өлтірді деп айыпталып, өмір бойына бас бостандығынан айырылған неміс дәрігері Нильс Хегельге тағы 97 адамды өлтірді деген айып тағылды, - деп хабарлайды DW. Маманға жансақтау процедурасы ұнаған екен және ол адамдарды өлімнен арашалап алатын шеберлігін басшыларына көрсетпек болыпты. 

Немістің Ольденбург қаласының прокуратурасы 41 жастағы ер адамды қала ауруханасында 62 адамды өлтірді және Дельменхорст қаласынағы медициналық мекемеде тағы 35 адамның жанын алды деп есептейді. Прокурордың сөзінше, Хегель жансақтау бөлімінде жатқандарға дәрінің қауіпті мөлшері бар екпе салған, себебі ол "іші пыспауы үшін әріптестеріне және басшылығына адамдарды өмірге қайтарудағы шеберлігін көрсетпек болыпты". Адамдарды құтқарғаны үшін оны әріптестері "Рембо-құтқарушы" деп те атаған екен.

Сөйтсек, маман жүрек аритмиясын, қарынша фибрилляциясы және гипотония туғызатын препараттарды қолданған. Осыдан кейін ол науқастарды қайта аман алып қалмақ болған, бірақ жиі қателікке бой алдырған.

Тергеу барысында ондаған адамның мәйіті эксгумацияланыпты. Полициядағылар мекеме басшылығына науқастардың өлім саны күрт артқанын ескертпегені үшін шағым түсірген. Бұл жағдайда қылмыскер дереу ұсталар еді.

Ал Хегельдің өзі сотта жұмыста іші пысқаны үшін осындай эксперимент жасағанын мәлімдеген және науқастардың өмірін аман алып қалатын шеберлігі үшін әріптестерінен мақтау сөз естігенді ұнатанынын айтыпты.

Ақыры қылмыскерді оның әріптесі әшкерелепті. Әріптесі оның науқасқа мөлшерінен артық препарат енгізіп жатқан жерінде үстінен түсіпті. Сол кезде Хегель 7,5 жылға бас бостандығынан айырылған. Ал кейін психиатрға барған ол тағы 30 науқасты өлтіргенін мойындаған, алайда бұл ресми көрсетпе болып есептелмей, оған тек алты адамның өлімі бойынша айып тағылған. Ал соңында ол өмір бойына бас бостандығынан айырылған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети