18 шілде 2015 23:09

Нидерланд прокуроры MH17 рейсінің әуе апатына ұшырауының негізгі болжамын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Малаизиялық Boeing-777 лайнерінің Украинаның оңтүстік шығысында әуе апатына ұшырауын тергеген Нидерланд прокуроры Фред Вестербеке "Русская служба Би-би-си" басылымына берген сұхбатында тергеушілердің ұшақты Донбасс аймағынан іске қосылған "Бук" жүйесінің атып түсіргені туралы болжамды шындыққа жанасады деп есептейтінін мәлімдеді.


Малаизиялық Boeing-777 лайнерінің Украинаның оңтүстік шығысында әуе апатына ұшырауын тергеген Нидерланд прокуроры Фред Вестербеке "Русская служба Би-би-си" басылымына берген сұхбатында тергеушілердің ұшақты Донбасс аймағынан іске қосылған "Бук" жүйесінің атып түсіргені туралы болжамды шындыққа жанасады деп есептейтінін мәлімдеді.

"Бұл шындыққа жанасатын жалғыз болжам, бұл біздің тергеуіміздің негізгі расталған болжамымыз. Алайда біз өзге де сценарийлерді қарастырып отырмыз. Олардың бірі "Бук" зымыранының өзге өңірден, өзге жерден ұшырылғаны туралы. Сонымен қатар, ұшақты "әуе-әуе" классындағы зымыранның техникалық мүмкіншілігін зерттеп жатырмыз. Бұл сот тыңдауында өзге болжамдардың негізсіз екенін көрсетуіміз үшін қажет", - деп хабарлады прокурор.

Вестербекенің айтуынша, қайғылы оқиғаның болғанына бір жыл өтсе де күдіктілерді тергеу атай алмайды. "Әрине, біз күдік келтіріп отырған адамдар бар, алайда тергеудің қазіргі кезеңі нақты күдіктілерді анықтауға мүмкіндік бермейді", - деді ол.

Зымыранды ұшырған нақты адамды анықтау туралы сұраққа прокурор былай деп жауап берді: "Біздің жұмысымыз сол адамды табуға бағытталған. Бірақ жауапкершілік бір ғана адамға артылмайды. Басшылықта бұйрық берген адамдар бар, қолдағандар болды. Сол себепті біз бір адамды емес, осы қайғылы оқиғаға жауапты барлық адамды іздестіріп жатырмыз".

Мұнымен қатар, прокурор тергеудің шабуыл жасаудағы ниетті, яғни ол қасақана жасалды ма, әлде кездейсоқ жасалды ма - осыны анықтауға арналып отырғанын атап өтті. "Осындай көп бейбіт тұрғындары бар ұшақты атып түсірудің кімге қажет болғанын елестетудің өзі қиын. Мұның қасақана жасалғанына күмәнім бар. Алайда қазір шешім жасауға әлі ерте", - деді Вестербеке.

Вестербеке тергеуге Ресей билігінің көмектесіп жатқанын хабарлады. "Тергеуді жүргізіп жатқан негізгі ел бола отырып, ақпараттық және заңгерлік көмекке жүгіндік. Екі ай бұрын мен Мәскеуге бардым, тергеуге жауапты ресейлік әріптестеріммен кездестім. Олар өздерінде бар мәліметті бөлісті. Қазіргі уақытта біз оларды қарап, оларды қалайша қолданып, іске тартуға болатынын шешіп жатырмыз. Онда не болғанын түсініп қана қоймай, қалған негізсіз болжамдарды ысырып тастауымыз керек, сондықтан біз өзге де болжамдарды қарастырып отырмыз", - деді ол.

Прокурордың айтуынша, ол малаизиялық ұшақтың оқиғасын тергеудің жыл соңына дейін аяқталатынына үміт білдіреді. Сол кезде тергеушілер әуе апатының негізгі себебін айтып, жауапты адамдардың аты-жөндерін атауы мүмкін.

Еске сала кетейік, малаизиялық Boeing-777 MH17 рейсімен Амстердамнан Куала-Лумпурға ұшып бара жатып, 2014 жылдың 17 шілдесінде Донецк облысының Грабово елді мекенінің маңында, ресейлік шекарадан 50 шақырым жерде апатқа ұшыраған болатын. Лайнердің барлық 283 жолаушысы мен экипаждың 15 мүшесі қаза болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети