25 желтоқсан 2017 09:01

Нигерияда той кортежінде жол апаты салдарынан қалыңдық пен оның 10 құрбысы қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нигерияда той кортежі жол апатына ұшырады. Оқиға салдарынан 11 адам қаза тапты, оның ішінде қалыңдық та бар, - деп хабарлайды РИА Новости.


Нигерияда той кортежі жол апатына ұшырады. Оқиға салдарынан 11 адам қаза тапты, оның ішінде қалыңдық та бар, - деп хабарлайды РИА Новости.

Жол-көлік оқиғасы 23 желтоқсанда елдің солтүстік-батысындағы Кано қаласында болды. Қалыңдық пен оның құрбыларын алып келе жатқан жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай, шлагбаумға соқтығысқан. Полиция өкілі Кабир Ибрахим Даураның айтуынша, сегіз қыз оқиға орнында қаза тапқан, ал қалған үшеуі ауруханада жан тапсырған. Сонымен қатар, тағы үш әйел жарақат алды. 

Алдын ала болжам бойынша жол апатына жылдамдықты мөлшерден тыс асыру себеп болған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети