16 шілде 2016 07:26

Ниццада 84 адамды қағып өлтірген лаңкес ешқандай да мұсылман емес - бауыры

ПОДЕЛИТЬСЯ

© dailymail.co.uk © dailymail.co.uk

MailOnline басылымы 14 шілдеде Ниццадағы жағалауда 84 адамды қағып өлтірген лаңкестің және оның пәтерінің суретін жариялады.


MailOnline басылымы 14 шілдеде Ниццадағы жағалауда 84 адамды қағып өлтірген лаңкестің және оның пәтерінің суретін жариялады.

Тунистен шыққан 31 жастағы Мохамед Лауэеж Булел Ниццада тұрғылықты мекен-жай бойынша тұрып жатқан және тасымалдау қызметінің жүргізушісі болып жұмыс істеген. Булелдің үш баласы бар екен. 

Лаңкестің немере інісінің айтуынша, Мохаммед осыған дейін БАҚ-тар мәлімдегендей ислам ұстанушысы болмаған. "Керісінше ішімдік ішіп, шошқа етін жеп, есірткі қабылдаған. Ер адам мешітке бармаған, намаз оқымаған және өз әйелін жиі ұрып-соғатын", - деп айтып берді көзі жойылған лаңкестің туысы. 

Мохаммед Булелдің көршілері оны жалғыз әрі момын адам ретінде сипаттапты. Жоғары қабатта тұратын отбасы оның тіпті сәлемдеспейтінін айтқан. Тағы бір көршісі Булелдің "Бір күні мен туралы естисіздер" деген сөзін еске алып отыр.


Лаңкестің пәтерінде тінту жұмыстары жүріп жатыр. © dailymail.co.uk

Ал құқық қорғау органдары Мохаммед Булелдің радикал көзқарастардың ұстанымын ұстанатыны жайлы мәліметтің жоқ екенін хабарлады. 

Айта кетейік, 14 шілдеде кешкі уақытта жүк көлігі Бастилияны алу күніне орай отшашуды көруге жағалауға жиналған адамдарды қағып кеткен еді. Куәгерлердің айтуынша, жүк көлігі тоқтамастан, арлы-берлі жүріп, адамдарды екі шақырым бойында қағып жүрген. Жүк көлігінің жүргізушісі өлтірілді. Ниццадағы шабуылдан кейін арнайы операция жүрді. Оқиға орнынан ІІМ басшысы Бернар Казневтің барғаны айтылды. Франция президенті Франсуа Олланд шабуыл кезінде Авиньонда болған, бірақ ол дереу Парижге оралу туралы шешім қабылдапты. КейінҚР СІМ өкілдері теракт кезінде қаза тапқандардың арасындағы қазақстандықтар туралы мәлімет түспегенін хабарлады, алайда бірнеше сағат өткен соң Ниццадағы теракт орнында төрт қазақстандық болғандығы хабарланды. Сонымен қатар, терактінің суреттері мен видеолары пайда болды. Соңғы ақпарат бойынша, террорлық шабуылдан қаза тапқандардың саны 84-ке жеткен және де ауруханада 18 адам ауыр халде жатыр.

Қазақстандық Гүлнара Саматова Ниццадағы терактіні өз көзімен көрген. Tengrinews.kz тілшісі әйелмен хабарласып, ол өзінің жиенімен бірге лаңкестің жүк көлігінің астында қалып қоя жаздағаны туралы айтып берді. 

Осыған дейін Ниццадағы терактінің 3D-сценариі жасалды.

Сондай-ақ, шетелдік БАҚ Ниццадағы терактіні ДАИШ өз мойнына алғаны жайлы хабарлаған болатын. Францияда үш күнге қаралы күн жарияланды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети