15 шілде 2016 17:13

Ниццадағы терактінің 3D-сценариі жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© life.ru © life.ru

L!fe басылымы оқиғаның 3D сценариін жасады. Айта кетейік, 14 шілдеде кешкі уақытта жүк көлігі Бастилияны алу күніне орай отшашуды көруге жағалауға жиналған адамдарды қағып кеткен еді. 


L!fe басылымы оқиғаның 3D сценариін жасады. Айта кетейік, 14 шілдеде кешкі уақытта жүк көлігі Бастилияны алу күніне орай отшашуды көруге жағалауға жиналған адамдарды қағып кеткен еді. 

Куәгерлердің айтуынша, жүк көлігі арлы-берлі жүріп келе жатқан, басында барлығы жүргізушіге бірдеме болды деп ойлаған, бірақ та артынша оның мақсаты көп адамды қағу екендігін түсінген. Кішкенеден соң жүк көлігінің ішінде отырған адамдар қашып бара жатқан адамдарға кабинадан оқ ата бастаған. 

"Айқай шу, нағыз дүрлігу болған. Тобырда әр кім өз жаны үшін күреседі, сондықтан ондаған адамдар тобырдан шықпақ болған кезде жарақат алған. Жүздеген үрейі қашқан адамдар суға секіріп аман қалған", - деп жазады басылым.

Айта кетейік, 14 шілдеде кешкі уақытта жүк көлігі Бастилияны алу күніне орай отшашуды көруге жағалауға жиналған адамдарды қағып кеткен еді. Куәгерлердің айтуынша, жүк көлігі тоқтамастан, арлы-берлі жүріп, адамдарды екі шақырым бойында қағып жүрген. Жүк көлігінің жүргізушісі өлтірілді. Ниццадағы шабуылдан кейін арнайы операция жүрді. Оқиға орнынан ІІМ басшысы Бернар Казневтің барғаны айтылды. Франция президенті Франсуа Олланд шабуыл кезінде Авиньонда болған, бірақ ол дереу Парижге оралу туралы шешім қабылдапты. Кейін ҚР СІМ өкілдері теракт кезінде қаза тапқандардың арасындағы қазақстандықтар туралы мәлімет түспегенін хабарлады, алайда бірнеше сағат өткен соң Ниццадағы теракт орнында төрт қазақстандық болғандығы хабарланды. Сонымен қатар, терактінің суреттері мен видеолары пайда болды. Соңғы ақпарат бойынша, террорлық шабуылдан қаза тапқандардың саны 84-ке жеткен және де ауруханада 18 адам ауыр халде жатыр.

Қазақстандық Гүлнара Саматова Ниццадағы терактіні өз көзімен көрген. Tengrinews.kz тілшісі әйелмен хабарласып, ол өзінің жиенімен бірге лаңкестің жүк көлігінің астында қалып қоя жаздағаны туралы айтып берді. 

Сондай-ақ, шетелдік БАҚ Ниццадағы терактіні ДАИШ өз мойнына алғаны жайлы хабарлаған болатын. Францияда үш күнге қаралы күн жарияланды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети