1. Басты
  2. Біл
  3. Жаһан

НТВ тілшісін тікелей эфирде ұрған ер адам десантшы емес екенін мойындады

© news.sputnik.ru © news.sputnik.ru

НТВ тілшісін тікелей эфир кезінде ұрған ер адамды полицейлер тергеп жатыр, - деп хабарлайды Life.ru.

Полиция бөлімшесінде ер адам Ресейдің Әуе-десантты әскерінде борыш өтемегенін мойындады. 

Сонымен қатар, бұзақы әскери қақтығыстарға қатысқанын айтады. "Ресейде емес, Захарченко жүрген жерде", - дейді ол. Ер адам Донбастағы қақтығыстарды меңзеген болуы мүмкін. 

Еске салайық, 2 тамызда НТВ тілшісі Мәскеудегі Горький саябағындағы субұрқақ маңында тікелей эфирден мереке туралы бағдарлама жүргізіп тұрған. Осы кезде тілшіні боқтанып келген мас ер адам жағынан ұрған болатын.