Обама АҚШ-тың Иракқа басып кіргендегі қателігі ДАИШ-тың құрылуына себеп болғанын мойындады

07 Желтоқсан 2016, 13:38
0
Обама АҚШ-тың Иракқа басып кіргендегі қателігі ДАИШ-тың құрылуына себеп болғанын мойындады - © ZN.ua
© ZN.ua

АҚШ президенті Барак АҚШ-тың Иракқа басып кіргендегі қателігі ДАИШ-тың құрылуына себеп болғанын мойындады, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Біз жауапты іс-қимылдар қандай болатыны туралы шешім қабылдар кезде ДАИШ болып құрылған ұйымның бас көтеруіне жол берген 2003 жылғы қателіктерді қайталамауға тырыстық",  - деді Обама терроризмге қарсы күрес туралы сөзінде. 

Оның айтуынша, 2014 жылдан бері негізгі көмек ДАИШ-пен күресіп жатқан Ирактың "ұлттық бірлік үкіметіне" жасалып отыр. Сонымен қатар,  Барак Обама АҚШ 60 елден тұратын, соның ішінде Иракқа көршілес елдер кіретін коалиция құрғанын еске салды.

"Осыдан кейін біз Сирия мен Иракта (лаңкестермен) күресуді бастадық. Америкалық батальондар күшімен емес, жабдық, кеңесшілер және арнайы жасақ арқылы қолдау көрсетіп отырған жергілікті күштермен", - дейді АҚШ президенті.

Ол коалцицяның 16 мың әуе соққысын жасағанын және ДАИШ басып алған аумақтардың жартысы қайтарылғанын еске салды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай