10 ақпан 2015 10:16

Обама Мәскеуге Ұлы Жеңістің 70 жылдығына бармайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ президенті Барак Обама Ұлы Жеңістің 70 жылдығын тойлауға Мәскеуге келмейді, - деп хабарлайды "Московский Комсомолец".


АҚШ президенті Барак Обама Ұлы Жеңістің 70 жылдығын тойлауға Мәскеуге келмейді, - деп хабарлайды "Московский Комсомолец".

Бұл туралы Ақ үй аппаратындағы АҚШ президентінің кеңесшісі Бен Родс 9 ақпанда өткен баспасөз мәслихатында шетел тілшілеріне мәлімдеді. "Мемлекет басшысының деңгейінде қатысуымен болады деп ойламаймын. Президент Обама Мәскеуге баруды жоспарлап отырған жоқ", - деді Родс. 

Айта кетейік, желтоқсан айының соңында Америка президенті Ұлы Жеңістің 70 жылдығын тойлауға Мәскеуге шақырылған болатын. АҚШ үкіметі бастапқыда бас тартып, кейін Обаманың әкімшілігі бұл мәлімдемені жоққа шығарды. 2010 жылы да АҚШ президенті Мәскеуге Жеңістің 65 жылдығын тойлауға қатысуға шақырылған, бірақ ол Ресей астанасына бара алмады. 

Осыған дейін АҚШ пен Германия Ресейге салынған санкцияларды алып тастамайтыны хабарланды. Ақ үй басшысы Барак Обама мен ГФР канцлері Ангела Меркель осындай келісімшартқа отырды. "Егер РФ қазіргі бағытын өзгертпесе Ресейді оқшаулау саясаты мен экономикасы күшейе түседі. Егер дипломатиялық әрекеттер нәтижесін бермесе, мен команданы түрлі варианттарды қарастыруға шақырамын. Солардың бірі - қорғанысқа (Украинада - Авт.) қару-жарағын жеткізу. Бірақ мен шешім шығарған жоқпын", - деп мәлімдеді Обама.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети