04 ақпан 2016 09:53

Обама тұңғыш рет АҚШ мешітіне барды

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ президенті Барак Обама президенттік қызметінде тұңғыш рет өз елінің мешітіне барып, Балтимор қаласындағы мұсылмандардың алдында сөз сөйледі, - деп хабарлайды Euronews.


АҚШ президенті Барак Обама президенттік қызметінде тұңғыш рет өз елінің мешітіне барып, Балтимор қаласындағы мұсылмандардың алдында сөз сөйледі, - деп хабарлайды Euronews.

Обама өз сөзінде "исламның Американың колониялық замандардан бері бөлшегі" екенін және елдің дамуындағы америкалық мұсылман ұрпақтарының ролін атап өтті. "11 қыркүйектегі терактілерден кейін, соңғы Париждегі және Сан-Бернардинодағы шабуылдардан кейін біз адамдардың осы күрейлі терактілерді жалпы бір дінмен байланыстырып жатқанын көрдік. Сонымен қатар, соңғы уақытта бір америкалық мұсылмандарға қарсы бағытталған кешірімі жоқ саяси риториканы естідік", - деді АҚШ президенті барлық дінге де төзімді болуға шақырып.

Обаманың айтуынша, терроризммен жүргізіліп жатқан қазіргі күрес "Батыс пен исламның қақтығысы емес".

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети