Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Охот теңізіндегі кеме апаты: 19 шетелдіктің денесі отандарына сәрсенбі күні жіберілетін болды

15 Сәуір 2015, 10:20
0
© AP Photo/ Maritime Bulletin
© AP Photo/ Maritime Bulletin

Охот теңізіне батып кеткен "Дальний Восток" кемесіндегі 19 шетелдік азаматтың денесі сәрсенбі күні кешке чартерлік рейспен өз отандарына жіберілетін болды, - деп хабарлайды РИА Новости Оңтүстік Сахалин СІМ өкіліне сілтеме жасап.

"Суға батқан кемеде болған барлық шетелдік азамат үйлеріне қайтты. Бүгін таңертең Сеулге дейінгі рейспен Вануатудың екі азаматы ұшып кетті. Кешкі сағат 18.00 шамасында (Мәскеу уақыты бойынша 11.00) чартерлік рейспен Мьянманың 16 азаматының және Вануатудың үш азаматының денесі отандарына жіберіледі", - деп хабарлады агенттіктегілер.

Еске сала кетейік, Охот теңізіндегі кеме апаты бейсенбі, 2 сәуірге қараған түні Магаданнан шамамен 300 шақырым жерде болды. Құтқарушылар "Дальний Восток" кемесінің бортында болған 132 балықшының (олардың 54-і шетелдік) 119-ын мұзды судың астынан алып шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың 56-сы қаза тапқан, ал қалғандары қатты үсіп қалыпты.

Камчатск ТЖМ өкілі Охот теңізіндегі кеме апатына мұзды ахуалдың себеп болуы мүмкін екенін айтты. Оның сөзіне қарағанда, жылжымалы мұзға соғылғаннан кейін пайда болған ойықтан кейін кеменің батып кетуі мүмкін. Алайда қайғылы оқиғаның болуына адами фактордың қатысы да болуы мүмкін. Жалпы оның себептеріне байланысты 10-нан аса тұжырым қарастырылып отыр. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

Айта кетейік, бұған дейін Охот теңізінде апатқа ұшыраған "Дальний Восток" кемесіндегі барлық шетелдік азаматқа айыппұлдың салынғаны хабарланған болатын. Олар Ресей аумағында заңсыз қызмет етті деп айыпталды. Кеме апатынан аман қалған 26 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың әрқайсына 2 мың рубльден айыппұл салынды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай