Оклахома полицейлері екі туысын мерт қылған қылмыскерді атып өлтірді

24 Қазан 2016, 18:00
0
Оклахома полицейлері екі туысын мерт қылған қылмыскерді атып өлтірді - © tvzvezda.ru
© tvzvezda.ru

Американың Уэллстон қаласында (Оклахома штаты) атыс кезінде екі адам қаза тапқан болатын. Полицейлер қылмыскерді тұтқындамақ болғанда, ол тұтқынға алған әйелді жаралаған, содан кейін құқық қорғау қызметкерлеріне оқ жаудыра бастаған. Полицейлер сол кезде қылмыскерге оқ атып, оқиға орнында мерт қылған. 

Еске салайық, жергілікті KOCO 5 News телеарнасы күдіктінің есімі Майкл Вэнс екенін айтады. Ол полициядан қашып келе жатып, Калашников автоматынан оқ атып, екі адамды өлтірген. Телеарнаның мәліметінше, қайтыс болған екі адам да Вэнстың туысы.  

Полицияның мәліметінше, Майкл Вэнс түрмеден таяуда ғана шыққан. Ол түзету мекемесінде "жыныстық бопсалау" айыбы бойынша жазасын өтеген.  

Вэнс екі полицейді жаралағаннан кейін қаша жөнелген. Басқа да мәліметтер бойынша, күдікті бір әйелді тұтқынға алған.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай