29 қараша 2014 11:11

Олег Ляшконың Радикал партиясы арқылы Украина парламентіне келген сүйкімді депутат журналистерді таңғалдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алена Кошелева. Фото фейсбуктағы парақшасынан Алена Кошелева. Фото фейсбуктағы парақшасынан

 Харьковтың 24 жастағы тұрғыны, Олег Ляшконың Радикалды партиясы арқылы Украина парламентіне келген Алена Кошелева өз әрекетімен журналистерді таңғалдырды. Ол жаңа сайланған Радада жұмысқа шыққан бірінші күні-ақ көзге түсті. Депутат киім-киісімен жүртшылықты өзіне қаратқан. Украинаның ТСН телеарнасы хабарлағандай жаңа сайланған Рада отырысына Кошелева өзінің екі бірдей қорғаушысымен келген.
Үстіне ұзын құндыз тон, қолына алтынмен қапталған iPhone және бағасы мың доллардың көлемінде тұратын былғары сөмке ұстаған. БАҚ өкілдерімен депутат сөйлесуден бас тартып, камерадан қашқақтаған.
Украинаның мемлекеттігіне қатысты журналистер тарапынан қойылған сауалдарға Радикальды партияның мүшесі  "Бұл сауалдарыңызға келесі жолы жауап беремін" деп құтылған.

Өзінің өмірбаянында Кошелева ерікті жұмыссыз екенін көрсеткен. Дегенмен оның мұндай ерікті жұмыссыз екені сайлау кезінде күмән тудырды. Харьковта сайлау барысында нағыз ерікті жұмыссыздар белсенді жұмыс істесе, Кошелева екі мәрте ғана төбе көрсеткен. Бұл жайында 24 жастағы депутаттың әлеуметтік желілердегі жазбаларынан аңғаруға болады. Оның ерікті жұмыссыздық қабілеті 1 қыркүйек күні ол туралы телебағдарлама түсіргенде бір жария етілсе, бұдан соң 5 қыркүйек күні сол сюжетті телеарнадан көрсеткенде белгілі болды. Ол кезде ол "Радикальды партия"  тізіміне енген болатын. Қазір депутат бірқатар суреттерін желіден алып тастағанымен,  әлеуметтік желідегі оның парақшалары гламурға толы.
Сондай-ақ журналистер ғаламтор арқылы 24 жастағы Кошелеваның түйіндемесін де тауып алды. Ол өз түйіндемесінде екі жоғары білімді меңгергенін, оның бірі Харьков ұлттық университетінің радиэлектроника және "кибернетика Экономика"мамандығы болса, екіншісі құрылыс және архитектура мамандығы екенін көрсеткен. Оның бұл оқу орындарын бітіргеннен кейін Харьковтағы қымбат мейрамханалардың бірінде әкімші болып жұмыс істегені де мәлім болып отыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети