25 шілде 2018 09:07

Ольга Бузова апатқа ұшырады

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейдің эстрада әншісі Ольга Бузова апатқа ұшырады. Жүк көлігі әртістің көлігіне соқтығысқан, - деп хабарлайды super.ru.


Ресейдің эстрада әншісі Ольга Бузова апатқа ұшырады. Жүк көлігі әртістің көлігіне соқтығысқан, - деп хабарлайды super.ru.

Айта кетейік, оқиға Мәскеу автомобиль айналма жолында болды. Танымал әнші Бузова Mercedes маркалы көлігімен келе жатқанда артынан жүк көлігі соққан. Әнші болмашы жарақат алды. Порталдың мәліметінше, жүк көлігі баяу келе жатқан. Жол-көлік апаты орнына полиция қызметкерлері шақырылды.

Маусымда Бузова Мәскеудегі мейрамханасының ашылуында өнер көрсеткен. Келушілер мекемеге кіру үшін жанжал шығарып, нәтижесінде мейрамхана орналасқан Цветной бульварда автокөлік қозғалысы тежелген еді. 

Ольга Бузова "Дом-2" телевизиялық жобасының жүргізушісі ретінде танымал болды. Оның дебюттік "Под звуки поцелуев" альбомы 2017 жылы жазылған. Сонымен қатар, әнші 13 сингл шығарды, деп жазады Lenta.ru

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети