07 желтоқсан 2014 18:34

Олланд пен Меркель Украина дағдарысын шешудің жаңа мүмкіндіктерін талқылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Франсуа Олланд пен Ангела Меркель. ©REUTERS Франсуа Олланд пен Ангела Меркель. ©REUTERS

Франция президенті Франсуа Олланд Германия канцлері Ангела Меркельмен телефон арқылы әңгімелескен кезінде Украинадағы дағдарысты еңсерудегі ілгерілеушіліктің жаңа мүмкіндіктерін талқылады, - деп хабарлайды РИА Новости


Франция президенті Франсуа Олланд Германия канцлері Ангела Меркельмен телефон арқылы әңгімелескен кезінде Украинадағы дағдарысты еңсерудегі ілгерілеушіліктің жаңа мүмкіндіктерін талқылады, - деп хабарлайды РИА Новости

"Кеше Мәскеуде Владимир Путинмен кездескеннен кейін Республика президенті бүгін таңертең Германия канцлері Ангела Меркельмен украин дағдарысын талқылады. Франсуа Олланд пен Ангела Меркель ілгерілеушілік келешектерін бағалады", - делінген Елисей сарайының хабарламасында. 

Айта кетейік, 6 желтоқсан күні Олланд Мәскеуге қысқамерзімді сапармен барып, Ресей президенті Владимир Путинмен "Внуково-2" үкіметтік әуежайында кездесті. Путин Франция президентінің қысқамерзімді сапары Украинадағы ахуалды шешуге ықпал етеді деген сенім білдірді. Франция президенті Ресей мен Франция украин дағдарысын шешудің жолын табады деген пікір білдірді, оның айтуынша, G20 шеңберінде басталған пікірталастарды жалғастыру қажет. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети