Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Оңтүстік Кореяда апатқа ұшыраған "Севол" кемесі иесінің өлі денесі табылды

22 Шілде 2014, 12:29
0

Оңтүстік Кореяда апатқа ұшыраған "Севол" кемесі иесінің өлі денесі табылды, деп хабарлайды РИА Новости

Оңтүстіккореялық полиция Сунчхон қаласында табылған мүрде миллиардер Ю Бен Ынудың денесі екендігін растады. Ол бөтен мүлікті пайдаланғаны және салық төлеуден жалтарғаны үшін айыпталған болатын. Тіпті бұл мүрде маусым айында табылған. Өлі дененің ДНК-сі Ю Бен Ынның бауырының қанына сәйкес келген, бірақ бармақ таңбасы оның Ю Бен Ын екендігін дәлелдеді.

"Севол" жолаушылар кемесі 16 сәуір күні Оңтүстік Кореяның оңтүстік-батыс жағалауында суға батып кеткен болатын. Соңғы деректерге қарағанда, 293 адам қаза болған және 11 адам іс-түзсіз жоғалып отыр. Капитан батып бара жатқан кемені алғашқылардың бірі болып тастап кеткен үшін өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Апат кезінде бортта болғандар "Экипаж құтқару шараларын жасаудың орнына барлығына өз орнында қалуын сұрады", - деп наразылық білдірген. Оңтүстік Кореяның премьер-министрі Хон Вон "Севол" кемесінің апатқа ұшырауына байланысты өз орнын босатқан. "Севол" кемесінің апатқа ұшырауына байланысты 20 адам қамауға алынған.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай