02 сәуір 2018 08:49

Отставкаға кеткен Аман Төлеев видеомәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отставкаға кеткені жайлы 1 сәуірде таңғы уақытта белгілі болған Кемерово облысының губернаторы Аман Төлеев сауда үйінде болған алапат өртке байланысты кешірім сұрап, көңіл айтып, видео жариялады.


Отставкаға кеткені жайлы 1 сәуірде таңғы уақытта белгілі болған Кемерово облысының губернаторы Аман Төлеев сауда үйінде болған алапат өртке байланысты кешірім сұрап, көңіл айтып, видео жариялады.

Видео облыс әкімдігі баспасөз қызметінің YouTube-арнасында жарияланған. Төлеевтің айтуынша, Кемерово облысы мен бүкіл әлем сұмдық қайғылы оқиғаға уайымдап жатыр. 

"Құрметті кузбастықтар, қолымнан келгенді жасадым. Марқұмдардың отбасымен кездестім, көмек көрсету мәселесін шешуге тырыстым. Тағы да қайғырып көңіл айтамын. Әрмен қарай да өмір сүру керек қой. Жоғалтқан адамдарымызды есте сақтау үшін өмір сүру керек", - дейді видеода губернатор.

Аман Төлеев 73 жаста, ол саясатқа 1980 жылдардың аяғында келген. Кемерово облысын 1997 жылдан бері басқарды, өңірдің басшысы қызметіне төрт рет сайланған, оған 93,5-96,69 пайыз дауыс берілген. Ол бұл қызметте 2020 жылға дейін болуы тиіс еді. Кемеров облыстық Жарғысына сәйкес, өңір басшысының міндетін губернатордың бірінші орынбасары атқаратын болады.

Еске сала кетейік, 2018 жылы 25 наурызда Кемероводағы "Зимняя вишня" сауда орталығында өрт болып, 64 адам қаза тапты, олардың арасында 41 бала бар. Бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Қазіргі таңда зардап шеккендердің саны 79 адамға жеткен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети