23 тамыз 2018 09:17

Өзбекстанда мұғалімдер мен шенеуніктер оқушы қызды аборт жасауға мәжбүрлеген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өзбекстанның Ферғана облысы Бешарық ауданындағы ауылдардың бірінде акушер-гинеколог жергілікті шенеуніктердің бұйрығымен жүктіліктің бесінші айындағы жетінші сынып оқушысына үй жағдайында аборт жасаған. Бұл туралы "Озодлик" хабарлады.


Өзбекстанның Ферғана облысы Бешарық ауданындағы ауылдардың бірінде акушер-гинеколог жергілікті шенеуніктердің бұйрығымен жүктіліктің бесінші айындағы жетінші сынып оқушысына үй жағдайында аборт жасаған. Бұл туралы "Озодлик" хабарлады.

Ферғана облыстық ІІБ қызметкері қазіргі уақытта қыздың 39 жастағы анасына қатысты айыптау қорытындысы шығарылғанын, оған сәйкес әйел "Зорлау" және "Жеңгетайлық немесе притон ұстау" баптары бойынша қылмыс жасады деп айып тағылғанын хабарлады.  

Айыптау қорытындысында төрт ер адамның "14 жасқа толмаған жәбірленушінің шарасыз күйін пайдалана отырып, жасанды түрде жыныстық қажеттілігін қанағаттандырған" деп айыпталып отырғаны айтылады. Қыздың жүкті екенін мектеп әкімшілігі биыл мамырда білген, мұны қыз сабақтан жиі қалатын болған соң педагогтар оның үйіне барғанда анықтаған.

Бұл жағдай жұртқа "тарап кетіп, шу шықпауы үшін" педагогтар мен жергілікті шенеуніктер қыздың жүктілігін үзуге келіседі. 

"Қыздың шешесі масқара болғысы келмей және жұрттың талқысына түспеу үшін қызына абортты ауруханада жасатудан бас тартқан", - делінген айыптау актісінде. 

Сөйтіп, хоким орынбасары мен мектеп директорының тапсырысымен акушер-гинеколог оқушының үйіне барып, оған баласы түсіп қалуы үшін төрт дәрі берген.

"Жасанды түсікпен алынған бала ұл болып шықты, аборттан кейін жетінші сынып оқушысының әкесі сәбидің денесін алып, жергілікті молаға апарып көмді", - делінген айыптау актісінде. 

20 тамызда айыпталушылардың соты өтті. Сот жабық тәртіпте өткен. 22-36 жас аралығындағы үйленбеген үш ер адам мен бір отбасылы ер адам сот алдына келген. 

Сондай-ақ, басылым тілшілері Бешарық аудандық әкімдігінің жүктілігі үзілген қыздың отбасына 2 келі ұн, 2 шөлмек сұйық май және 200 мың сом түрінде көмек көрсеткенін анықтаған. Сонымен қатар, аудан әкімі отбасының электр энергиясының 2 миллион 600 мың сом қарызын өтеп беруді тапсырған.  

Оның үстіне, жергілікті әкімшілік зардап шеккен қыздың үйінде жедел жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр екен. Мұның барлығы Ташкенттен шенеуніктер келіп қалса, 39 жастағы шешесі қызын материалдық қажеттілік үшін жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген деген мәліметті жоққа шығару үшін жасалып жатыр, дейді радиоға сұхбат берген адам.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети