27 қыркүйек 2017 12:53

Өзбекстанда үйлену тойы кезінде 170-ке жуық адам астан уланып қалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тухум-барак. © kstrip.ru Тухум-барак. © kstrip.ru

Өзбекстанның Бұхара облысында үйлену тойы кезінде 170-ке жуық адам тамақтан уланып қалды, - деп хабарлайды РИА Новости Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Өзбекстанның Бұхара облысында үйлену тойы кезінде 170-ке жуық адам тамақтан уланып қалды, - деп хабарлайды РИА Новости Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

94 адамның ауруханажа жатқаны белгілі болды.

"Бұзара облысында адамдар жаппай уланды. 166 адам жергілікті медициналық орталықтың көмегіне жүгінді. Қазіргі уақытта 94 адам ауруханада жатыр, қалғандары үйлеріне қайтарылды", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, барлық зардап шеккен адам 25 қыркүйекте үйлену тойында болып, тухум-барак (жұмыртқасы бар вареники) жеген. Барлығына "тағамнан улану" диагнозы қойылды.

"Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, ауыр жағдайдағы науқастар жоқ. Олардың барлығына қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - деді министрлік өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети