31 шілде 2019 09:22

Өзбекстандық олигархтың немересі үйленді: Тойда түсірілген видео жарияланды

Салим Абдувалиев. © EADaily Салим Абдувалиев. © EADaily

Әлеуметтік желілерде Өзбекстандағы ең бай адамдардың бірі, беделді кәсіпкер Салим Абдувалиевтің немересінің үйлену тойынан видео пайда болды, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан.


Әлеуметтік желілерде Өзбекстандағы ең бай адамдардың бірі, беделді кәсіпкер Салим Абдувалиевтің немересінің үйлену тойынан видео пайда болды, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан.

Салтанатты шара осы жылдың ақпан айында болған, бірақ жазба желіге енді ғана түскен. БАҚ-тың хабарлауынша, үйлену тойында Әзербайжанның бұрынғы премьер-министрі Аббас Аббасов, Ресей премьер-министрінің бұрынғы орынбасары Олег Сосковец, Ингушетияның бұрынғы басшысы Руслан Аушев және көптеген танымал тұлғалар мен эстрада жұлдыздары болған.

Салим Абдувалиев он жылдан астам уақыттан бері балалар мен жасөспірімдердің спорттық күрес секцияларын дамытумен және қаржыландырумен айналысады.

Оның Гульноза, Гузаль, Нилюфар мен Саодат есімді төрт қызы және кәсіппен айналысатын Сардор, Джасур есімді ұлдары бар.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети