Өзбекстанның орталық телеарналары тұңғыш рет Ислам Кәрімовтің ауырып қалғанын хабарлады

29 Тамыз 2016, 10:08
0
Өзбекстанның орталық телеарналары тұңғыш рет Ислам Кәрімовтің ауырып қалғанын хабарлады - Ислам Каримов © protoday.uz
Ислам Каримов © protoday.uz

Өзбекстанның орталық телеарналары ел тарихында бірінші рет президент Ислам Кәрімовтің ауырып жатқаны туралы хабарлады, - деп хабарлайды CA-News.org.

Мемлекет басшысының ауруханаға түскені жайында күнделікті "Ахборот" ақпараттық бағдарламасының директоры оқыды. Осыған дейін 78 жастағы Кәрімовтің ауруы туралы ақпарат агенттігінің ресми сайтында жарияланған. Мәліметті министрлер кабинеті растап отыр. "Мамандардың айтуынша, толық медициналық тексеріс пен ем алу үшін біраз уақыт керек", - делінген хабарламада.

БАҚ-тың мәліметінше, Өзбекстанның 25 жыл егемендігі жылдарында оның денсаулығы жөнінде ел арасында жүрген қауесеттердің барына қарамастан, президенттің денсаулығы ресми БАҚ арқылы хабарланбаған.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай