23 маусым 2015 11:49

Пәкістанда аптап ыстықтан 470 адам қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Пәкістанның оңтүстігіндегі аптап ыстықтан қаза тапқандардың саны 474-ке жетті, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасап.


Пәкістанның оңтүстігіндегі аптап ыстықтан қаза тапқандардың саны 474-ке жетті, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасап.

Жергілікті денсаулық сақтау басқармасының өкілі Саиид Мангнежо елдегі ең ірі қала саналатын Карачидің төрт ауруханасында үш жүзге тарта адамның қайтыс болғанын мәлімдеді. Жергілікті билік өкілдерінің мәліметінше, олардың басым бөлігі 50 жастан асқандар. 

Өткен демалыс күндері Карачи қаласында сынап бағанасы 45 градустан жоғары межені көрсетті. Агенттіктің мәліметінше, соңғы күндерде жауған жаңбыр ауа температурасын айтарлықтай төмендетті. Дәрігерлер күн астында көп жүруден бас тартып, жеңіл мақтадан тігілген киім киюге шақырып жатыр.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети