23 қаңтар 2014 | 11:51

Пан Ги Мун: Сирияда қос тарап та халықаралық құқықты бұзды

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҰҰ Сирияда жанжалдасушы екі тарап та халықаралық құқықты бұзды деп есептейді, бұл туралы Tengrinews.kz "Риа Новости" агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун құқықтың сақталмауы бұл елде гуманитарлық дағдарысқа әкеліп соқты деп есептейді. "Тараптардың қай-қайсысы да гуманитарлық заңнамаларды әбден аяқасты ететінін көрсетті, бұл жайт елде гуманитарлық түйткілдерге себеп болды", - деп мәлімдеді Бас хатшы Сирия мәселесі жөніндегі "Женева-2" бейбіт конференциясының ашылуында. Пан Ги Мун, сонымен бірге, жанжалдың біртіндеп үдеуіне шетелден қарапайым қару-жарақтың жеткізілуі, сондай-ақ, шетелдік содырлар мен радикал топтардың келуі де ықпал еткенін айтты. Бас хатшы сириялық делегацияны жанжалды реттеуге және гуманитарлық көмекке барлық мұқтаж адамның, әсіресе, қоршауда қалған аудан тұрғындарының қолын жеткізуге жағдай жасауға шақырды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.27   530.83   5.01 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети