16 қараша 2015 17:27

Париждегі терактілерге қатысы бар делінген күдікті Брюссельде ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Брюссель арнайы жасағы Париждегі терактілерге қатысы бар делінген күдіктіні ұстады. Бұл туралы Euronews тілшісі Шандор Сирос Twitter желісіндегі парақшасында жазды.


Брюссель арнайы жасағы Париждегі терактілерге қатысы бар делінген күдіктіні ұстады. Бұл туралы Euronews тілшісі Шандор Сирос Twitter желісіндегі парақшасында жазды.

РИА Новости жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып ұсталған адамның Абдеслам Салах екенін хабарлады. Оны ұстау үшін көзді жасаурататын газ пайдаланылған. Полиция Салах жасырынған пәтерден қару-жарақ тапты. Франция және Бельгияның Моленбек ауданында терроризмге қарсы ірі көлемді рейд жүргізіліп жатыр. Қазірге дейін 20-ға жуық адам уақытша қамауға алынды.

Бұған дейін Францияның БАҚ өкілдері Париждегі терактілерді ұйымдастырды делінген адамның есімін жариялаған болатын. Ақпарат құралдары терактілерді 27 жастағы сириялық радикал Абдельхамид Абауд ұйымдастырды деп отыр. Ол Сириядағы ДАИШ ұйымының белді мүшелерінің бірі.

Еске сала кетейік, 14 қарашаға қараған түні Парижде белгісіз біреулер ең алдымен қаладағы мейрамханалардың біріне шабуыл жасады. Сонымен қатар, Франция-Германия матчы өтіп жатқан "Стад де Франс" стадионының маңынан да жарылыстың дыбысы естілді. Лаңкестер "Батаклан" театрында адамдарды кепілге алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети