1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Парижден Каирге бағыт алған EgyptAir ұшағы Жерорта теңізіне құлаған - БАҚ

© REUTERS © REUTERS

Парижден Каирге бағыт алған EgyptAir ұшағы теңізге құлады, - деп хабарлайды РИА Новости Мысырдың "Маядин" телеарнасына сілтеме жасап.

"Egyptair әуе компаниясының дереккөзі ұшақтың Жерорта теңізіне құлағанын растады", - деп хабарлады телеарна Twitter аккаунтінде. Айта кетейік, болжам бойынша, Airbus A320 бортында 58 жолаушы және бірнеше экипаж мүшесі болған.

Ұшақ радардан Каир уақыты бойынша сағат 02.45-те жоғалып кеткен болатын. Ұшақ ол кезде Мысырдан 80 миль жерде болған. Ол радардан Грекияның аумағына кіргеннен кейін 20 минуттан соң жоғалып кетті.