Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Петр Порошенко тағы бір "Майдан" болатындығын жоққа шығармайды

25 Қыркүйек 2014, 19:29
0
©kiev.segodnya.ua
©kiev.segodnya.ua

Украина президенті Петр Порошенко мемлекетте жаңа "Майдан" болуы мүмкін екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды  РИА Новости.

"Мен елімізде тағыда "Майдандардың" болатындығын жоққа шығармаймын, бірақ олардың барлығы оң мақсатта бой көрсетеді" - деді Порошенко Киевтегі үлкен баспасөз мәслихатында. Украинада кең ауқымды наразылық акцияларын "Майдан" деп атайтындығын айта кетелік. Бұл атау осындай акцияның Майдан Незалежностиде (Киевтің орталық алаңы) өткеніне байланысты туындаған. 

Киевтегі Tengrinews.kz тілшісі хабарлағандай, украин көшбасшысы мемлекеттің Еуропалық одаққа мүшелігі мәселесін де сөз еткен. Порошенконың сөзіне қарағанда, Украина Еуропалық одаққа 2020 жылға қарай қосыла алады. "Украина ЕО ережелеріне сай болуы үшін бізге бірқатар реформа өткізу керек. Біз осы үшін де парламент сайлауы өткеннен соң іске кірісетін Реформалар кеңесін құрып отырмыз" - деді ол.

Порошенко қазіргі жағдайда реформалардың жүргізілмей жатқандығына соғыс себеп болғанын айтады. "Бүгіндері бізге мықты әскер жасақтары керек секілді, реформаторлар әскері де қажет. Украина міндетті түрде жаңаша өмір сүре бастауы тиіс" деп мәлімдеді Украина президенті. Даму бағдарламасының басты бағыттары  ретінде Порошенко сенімді дамуды, бизнестің және азаматтардың қауіпсіздігін, әлеуметтік тоқшылықты атады.

Еске сала кетелік, 2013 жылдың 21 қарашасында Киевтің орталық алаңы - Майдан Незалежностиде евроинтеграцияны жақтаушылар толқу өткізіп, оны көпке дейін босатпады. Кейіннен Майдан күштеу құрылымының және радикалдардың көздеген нысанына айналды. "Евромайданшылардың" бір бөлігі Майдан Незалежностимен қатар орналасқан Михайловск алаңынан да бой көрсетті.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай