08 ақпан 2014 20:19

Полицейлер смартфондағы порнография үшін құрықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото indexoncensorship.org сайтынан алынды Фото indexoncensorship.org сайтынан алынды

"Лондонда үш полиция қызметкері смартфондағы порнография үшін қамауға алынды" деп хабарлайды Tengrinews.kz "Русская служба BBC" ақпарат көзіне сілтеме жасап. Ақпарат көзінің хабарлауынша, қазіргі уақытта смартфон арқылы бір-біріне порнографиялық көріністер жіберген үш полиция қызметкерінің ісі тексерілген. Құқық қорғау саласының қызметкерлері өткен жылдың 19 желтоқсанында тұтқындалып, тергеу жұмыстары басталған болатын. Қазіргі уақытта бір полиция қызметкері жұмыстан босатылып, қалған екеуі шектеулі тәртіппен қызмет атқаратын бөлімге ауыстырылыпты. Осы іске қатысты олардың пәтерлеріне тінту жүргізілген. Алайда тінту нәтижесі туралы мәлімет жоқ. Лондон полициясы әңгіменің бейресми порнография жайлы болғанын, алайда, оған балалардың қатысы болмағанын айтады. Олар әдепсіз порнографиялық көріністерді сақтағаны, таратқаны үшін айыпталған. Дегенмен, тергеу ісі полицейлердің бұл іспен қызмет уақтында не қызметтен бос уақытында айналысқанын анықтай қоймаған. Айыпталушының үшеуі де шет ел елшіліктерін қорғау бөлімінде қызмет атқарған. Сондай-ақ тағы бір Лондон полициясы офицерінің үстінен осы іске қатысты тергеу жүрген. Нәтижесінде офицерді шектеулі тәртіппен қызмет атқаратын бөлімге ауыстырған көрінеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети