23 шілде 2016 18:41

Полиция мюнхендік атқыш туралы: Күйзеліске ұшыраған болуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© unian.net © unian.net

Полиция Мюнхен қаласының сауда орталықтарының бірінде атыс ұйымдастырған 18 жастағы атқыш туралы мәліметтерді толығымен жриялады, - деп хабарлайды РИА Новости. Олар оның "Ислам мемлекеті" (Қазақстанда қызметіне тиым салынған террористік ұйым) террористік ұйымымен байланысын жоққа шығарды.


Полиция Мюнхен қаласының сауда орталықтарының бірінде атыс ұйымдастырған 18 жастағы атқыш туралы мәліметтерді толығымен жриялады, - деп хабарлайды РИА Новости. Олар оның "Ислам мемлекеті" (Қазақстанда қызметіне тиым салынған террористік ұйым) террористік ұйымымен байланысын жоққа шығарды.

"Атқыштың жасы 18-де, ол Мюнхенде туып-өскен. Ол мектеп оқушысы, оның пәтерінде, оның бөлмесінде тінту жүргізілді. Тінту қорытындысы бойынша ДАИШ террористік ұйымына қатысы бар болуы мүмкін деген айғақтар табылмады", - дейді баспасөз конференциясында қала полициясының басшысы Хубертус Андре.

Полицияның пайымдауынша, оның сыбайласы болмаған. Сондай-ақ, Андре бұл оқиғаны босқындар мәселесіне де қатысы жоқтығын айтты. Сонымен қатар, ол өзін-өзі өлтірген атқыш бұрындары күйзеліске ұшырауына байланысты психиатрға қаралған болуы мүмкіндігін айтты.

"Психикалық аурумен ауырғандығы жөніндегі мәліметті әлі де тексеруіміз қажет, бір түн ішінде барлығын жасау мүмкін емес, сіздерден шыдамды болуды сұраймын", - деді ол.

Андренің айтуынша, полиция жасөспірімнің пәтерінен қоғамдық жерлерде жаппай адам өлтіру істеріне қатысты құжаттарды тапқан. Ол осыдан бес жыл бұрын Норвегияда теракт ұйымдастырған Андрес Брейвиктің әрекетін Мюнхендегі шабуылмен қатысы бар болу мүмкіндігін де жасырмады.

Полиция басшысы қайтыс болғандардың санына тоқтала кетті. Жұма күні болған шабуылдан 10 адам қаза тапқан, олардың көбі жасөспірімдер.

"Қайтыс болғандардың екеуі - 15-те, үшеуі - 14-те, біреуі 17-де, біреуінің жасы 19-да, тағы біреуі 20 жаста және де 45 жастағы тағы бір адам қаза тапқан", - деп нақтылады Андре. Шабуылдың салдарынан 27 адам зардап шеккен, төртеуіне оқ тиген. 10 адам ауыр жарақат алған, соның ішінде 13-і жасөспірімдер. 

Өз кезегінде, Бавария жерінің федерал криминалдық полициясының басшысы Роберт Хаймбергер баспасөз мәслихаты кезінде журналистерге атқыштың қолында Glock тапаншасы болғанын айта кетті. Хаймбергердің айтуынша, атқыш бұл қаруды заңсыз иеленген, себебі оның номері өшірілген.

Еске салайық, оқиға 22 шілдеде болған. 18 жастағы жігіт оқиғаға дейін Facebook желісінде шақырту жариялаған. Жергілікті уақыт бойынша жұма күні сағат төртте "Олимпия" сауда орталығына келіп, адамдарға қымбат емес бір зат алып беретінін айтқан. Алайда шақыртуды ирандық Селина Аким есімді қыздың атынан жариялаған. Ол өзінің жалған парақшасында "Бүгін сағат төртте "Олимпия" сауда орталығындағы "Макдональдсқа" келіңіздер. Мен сіздерге қалағандарыңызды алып беремін, тек аса қымбат болмаса" деп жазба қалдырған. Қыз баланың атынан жарияланған жазбаға 6 адам ұнату басып, 36 қолданушы бөліскен.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы және жеке өзінің атынан Ангела Меркельге, қаза болғандардың отбасыларына және жақындарына, сондай-ақ Германия халқына көңіл айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети