15 желтоқсан 2014 22:40

Полиция Сиднейде кепілге алынғандардың бәрін құтқарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кепілге алушы деп шамаланған адамның фотосуреті. ©9news.com.au Кепілге алушы деп шамаланған адамның фотосуреті. ©9news.com.au

Сидней полициясы адамдар кепілге алынған кафеге басып кіріп, тұтқында отырғандардың бәрін түгел босатты, - деп хабарлайды РИА Новости. Оқиға орнында саперлер жұмыс істеп жатыр.


Сидней полициясы адамдар кепілге алынған кафеге басып кіріп, тұтқында отырғандардың бәрін түгел босатты, - деп хабарлайды РИА Новости. Оқиға орнында саперлер жұмыс істеп жатыр.

Әзірше нақтыланбаған мәліметтер бойынша, кепілге алушы атып түсірілді. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, осы операция барысында екі адам қайтыс болып, бес адам зардап шекті. Бірақ бұл мәлімет те әзірше расталған жоқ. Қылмыскер Сидней орталығындағы кафеде адамдарды 16 сағаттан астам уақыт бойы кепілдікте ұстады.

Австралиялық журналистер қылмыскердің аты-жөнін анықтады, ол Ираннан шыққан 49 жастағы радикал Мэн Харон Монис. 1996 жылы ол өзін шейх деп жариялап, Австралияға көшіп кеткен. 2007-2009 жылы ол австралиялық әскерилердің Ауғанстанға баруына наразы болып, ол жақта қайтыс болған әскерилердің туыстарына "ашу-ызаға толы хаттар" жазған, осы әрекеті үшін 300 сағаттық қоғамдық жұмыстарға жегілді. 

Өткен жылы Мониске бұрынғы әйелін өлтіруге жәрдемдесті деген айып тағылған. Сонымен бірге, ол 50-ден астам әйелді зорлағаны үшін айыпталыпты. Кепілмен босатылған Монис алдағы ақпан айында сотқа келуі тиіс болған. Монис бұған дейін газеттерге "астрология, нумерология, медитация мен қара магия" бойынша қызметтер ұсынып, хабарландыру жариялаған.

Еске салайық, 15 желтоқсан күні жергілікті уақыт бойынша 10.00 шамасында қарулы адам Сидней орталығындағы Lindt кафесіне кіріп келіп, ондағы адамдарды кепілге алған болатын. Ол кепілге алынғандарды терезеге араб тіліндегі жазуы бар матаны ілуге мәжбүрледі. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети