18 сәуір 2016 12:47

Полковник Сұлтанғабиев Бауыржан Момышұлы атындағы орденмен марапатталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

РФ ӘҚ Ардагерлер ассоцияциясының төрағасы генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев Серік Сұлтанғабиевті орденмен марапаттау кезінде. РФ ӘҚ Ардагерлер ассоцияциясының төрағасы генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев Серік Сұлтанғабиевті орденмен марапаттау кезінде.

РФ ІІМ ішкі әскердің полковнигі, сарбазды өлімнен құтқарып қалған Серік Сұлтанғабиев Бауыржан Момышұлы атындағы орденмен марапатталды. Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы "Ауғанстан соғысының мүгедектері мен ардагерлерін қолдау" Қоғамдық қорының төрағасы Беслан Бекбұзаров айтып берді. Сонымен қатар, ол Сұлтанғабиевтің Астана күніне Қазақстанға шақырылғанын айтты.


РФ ІІМ ішкі әскердің полковнигі, сарбазды өлімнен құтқарып қалған Серік Сұлтанғабиев Бауыржан Момышұлы атындағы орденмен марапатталды. Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы "Ауғанстан соғысының мүгедектері мен ардагерлерін қолдау" Қоғамдық қорының төрағасы Беслан Бекбұзаров айтып берді. Сонымен қатар, ол Сұлтанғабиевтің Астана күніне Қазақстанға шақырылғанын айтты.

Батырға орденді РФ ӘҚ Ардагерлер ассоциациясының төрағасы генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев тапсырды. Ол осы үшін Ауғанстан соғысы мүгедектері мен ардагерлері қорының делегациясы құрамында Ресейге арнайы барған. 

Сұлтанғабиев 2014 жылдың 25 қыркүйегінде ерлік жасаған еді. Оны бұл орденмен марапаттау туралы ұсыныс сол кезде түскенімен, қазір ғана жүзеге асырылып отыр. "Ол үнемі ауруханада болды. Қазір полковник мүлде көрмейді. Көзіне қайтадан операция жасатуға дайындалып жатыр. Біз оған 2016 жылдың жазында Астана күніне орай Қазақстанға, туған жері Қостанайға келуге ұсыныс жасадық. Барлық шығынды Қор мойнына алады", - деді Бекбұзаров.


РФ ӘҚ Ардагерлер ассоциациясының төрағасы генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев пен РФ ІІМ ішкі әскердің полковнигі Серік Сұлтанғабиев.

Айта кетейік, Бауыржан Момышұлы атындағы орден әскери қызметті атқару кезінде ерекше ерлік көрсеткен әскери қызметкерлер мен Қазақстанның ардагерлік қызметіне үлес қосқандарға беріледі.

Еске сала кетейік, Серік Сұлтанғабиев әскери граната атқылау кезінде қолынан гранатасын түсіріп алған кіші сержантты итеріп жіберіп, гранатаны кеудесімен бүркемелеп, салдарынан ауыр жарақат алған болатын. 2015 жылдың желтоқсанында Ресей президенті Владимир Путин Сұлтанғабиевке Ресей Батыры Жұлдызын табыстады.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети