26 тамыз 2014 09:51

Польша мен Балтық елдері қорғаныс жүйесін Ресейге бағыттауды ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©nato.int ©nato.int

НАТО-ның бірнеше мемлекеті Ресейді Еуропада қолға алынған зымыранға қарсы қорғаныс жүйесі (ЕуроЗҚҚ) бағытталатын елдер тізіміне қосуды ұсынды, - деп хабарлайды Der Spiegel.


НАТО-ның бірнеше мемлекеті Ресейді Еуропада қолға алынған зымыранға қарсы қорғаныс жүйесі (ЕуроЗҚҚ) бағытталатын елдер тізіміне қосуды ұсынды, - деп хабарлайды Der Spiegel.

Польша, Литва, Латвия және Эстония өкілдері Солтүстік Атлантика альянсы мүшелеріне осындай ұсыныс тастады. Олардың мәлімдеуінше, Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін одан болатын қауіп алаңдатып отыр. Бұл жайт оған ЕуроЗҚҚ-ны бағыттау ниетінің тууына себеп болды. Айта кетейік, ұсыныс НАТО-ның қыркүйектің 4-5-інде Уэльсте өтетін саммиті қарсаңында айтылып отыр.

Басылымның мәліметінше, НАТО-ға мүше елдердің көбі, әсіресе, Германия мұндай идеяны қолдамады. Қарсы болғандардың пікірінше, бұл шешім қажетсіз арандатушылық болар еді. Олар альянстың бірнеше жылдан бері зымыранға қарсы қорғаныс жүйесінің Ресейге бағытталмайтынына Ресейдің көзін жеткізе алмай келе жатқанын еске салды.

Соған қарамастан, алдағы саммитте НАТО-ның Ресеймен шектесетін мүшелерінің қауіпсіздігі мәселесі талқыланғалы отыр. Альянстың шығыс шекарасында қосымша әскери жасақтар мен барлау ұшақтарын орналастыру мерзімін ұзарту мәселесі қаралмақ. Еске сала кетейік, қолданыстағы жоспарға сәйкес, Еуропа зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін қалыптастыру 2018 жылы аяқталуы тиіс. Жүйенің негізгі мақсаты - Еуропаны Иран тарапынан болатын зымыран шабуылдарынан қорғау. Бұған дейін Пентагонның Еуропаның зымыранға қарсы жүйесінен олқылықтар тапқаны хабарланғанын айта кетейік.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети