11 желтоқсан 2014 15:19

Польшаның экс-президенті шіркеуде аяғын сындырып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Лех Валенса. ©Lenta.ru Лех Валенса. ©Lenta.ru

Польшаның бұрынғы президенті Лех Валенса аяғын сындырып алып, ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Rzeczpospolita


Польшаның бұрынғы президенті Лех Валенса аяғын сындырып алып, ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Rzeczpospolita

Саясаткердің айтуынша, ол діни мекеме - костелдің баспалдағынан түсіп келе жатқанда сүрінген. Экс-президенттің ұлы Ярослав Валенсаның сөзіне қарағанда, әуеліде әкесі аяғының сынғанын білмей қалды. Ауруханада дәрігерлер оның табан сүйегінің сынғанын анықтап, ғаныш таңып берді. 

Валенса ауруханада бір апта емделеді. Ал аяғындағы ғанышы жарты айдан соң алынады. Саясаткер жарақатына байланысты Римге сапар шегуден бас тартты, ол Италия астанасында Нобель сыйлығы иегерлерімен кездесуі керек болған еді. 

Лех Валенса 1990 жылы Польша президенті атанды, мемлекет билігінен ол 1995 жылы - сайлауда Александр Квасьневскийден жеңіліп қалғаннан кейін кетті. Отставкасынан соң Валенса Польшада және бүкіл әлем бойынша демократияны қолдауды мақсат ететін Лех Валенса атындағы зерттеу орталығын құрды. 2000 жылы Валенса президент сайлауына тағы да қатысты, бірақ сайлаушыларының 1,5 пайыз дауысы оның жеңіп шығуына көмектеспеді. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети