18 маусым 2014 14:23

Порошенко АҚШ пен Еуропадан көмек сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ангела Меркель, Петр Порошенко және Владимир Путин. Фото dw.de сайтынан алынды Ангела Меркель, Петр Порошенко және Владимир Путин. Фото dw.de сайтынан алынды

Украина президенті Петр Порошенко ел шакарасына бақылауды күшейтуге қатысты Евроодақ пен АҚШ-тан көмек сұрады. Мұндай өтінішті ол Германияның канцлері Ангела Меркельмен телефон арқылы сөйлескен кезінде айтты, - деп хабарлайды "Украинская правда" Порошенконың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Украина президенті Петр Порошенко ел шакарасына бақылауды күшейтуге қатысты Евроодақ пен АҚШ-тан көмек сұрады. Мұндай өтінішті ол Германияның канцлері Ангела Меркельмен телефон арқылы сөйлескен кезінде айтты, - деп хабарлайды "Украинская правда" Порошенконың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Меркель "Порошенконың бейбіт жоспарының" (шекарада 10 шақырымдық буферлік зона құру керектігін, заңсыз қару айналымына қарсылық білдіру, барлық заңсыз басып алынған әкімшілік ғимараттарды босату, биліктің жергілікті әкімдіктердегі, сонымен бірге орталық телеарналар мен радиостанциялардың жұмысын қайта жаңғырту туралы жоспары) жүзеге асу қадамдарын қолдайтынын білдірген.

Сондай-ақ Украина президенті билікті децентрализациялау (жергілікті мекемелерге орталық мекемелердің кейбір басқару міндетін тапсыру жүйесі) қажеттігін, жергілікті және парламенттік сайлауды мерзімінен бұрын өткізу керектігін жеткізді. "Бұл қадамдар біздің мәселені бейбіт түрде реттеу жоспарымыздың негізі болмақ. Үшжақты байланыс жасаушылар тобы бұл үшін қажетті фаза мен кестені жасап шығарады", - дейді Порошенко.

Украина президенті Петр Порошенко Германия канцлерімен сөйлескеннен бөлек, сейсенбі күні Ресей президенті Владимир Путинмен де телефон арқылы әңгімелескен. Ресей мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, Путин Украинадағы БАҚ өкілдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге баса назар аударған.

"Порошенко ресейлік БАҚ өкілдерінің қаза болуына байланысты өзінің қайғы-қасіретке ортақтастығын білдіріп көңіл айтты және оның нұсқауы бойынша бұған қатысты тиісті тексерулер жүргізілетін, сондай-ақ журналистердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты қажетті шаралар қабылданатынын жеткізді", - дейді Песков. 

Еске сала кетейік, өткен сейсебі күні Жоғарғы Рада Ресеймен біржақты шекараны белгілеуге қатысты мәселе көтерген болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети