28 қазан 2014 15:14

Порошенко елдегі антитеррорлық операцияны Ұлы Отан соғысына теңеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петр Порошенко. ©REUTERS Петр Порошенко. ©REUTERS

Украина президенті Петр Порошенко елдің шығысындағы антитеррорлық операцияны 2014 жылғы Ұлы Отан соғысы деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Украина президенті Петр Порошенко елдің шығысындағы антитеррорлық операцияны 2014 жылғы Ұлы Отан соғысы деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Порошенко Украинаның фашист басқыншыларынан азат етілуіне 70 жыл толуына орай ардагерлер мен антитеррорлық операция қатысушыларына үндеу жасады. "Мен 2014 жылғы Отан соғысындағы жеңісімізге, менің саяси-дипломатиялық жоспарымның орындалатынына және Донбасс пен бүкіл Украинаға бейбітшілік әкелетініне нық сенемін. Ата-бабасының жеңістерін ұмытпаған халық ешқашан жеңілмейді. Бұрын туған жерін қорғаған және оны қазір қорғап жүрген адамдардың әрқайсысы қоғамның құрметіне лайық", - деді Украина президенті.

Ол Украина аумағында Вермахттың құрлық әскерлерінің 60 пайыздан астамының талқандалғанын еске салды. "Украинадан шыққан тоғыз миллионнан астам жауынгер Қызыл әскер құрамында жауға қарсы соғысты. Тағы бір миллион азамат Украина көтерлісшілер әскері, кеңес партизан бірлестіктері, Поляк жасақтары, американ, ағылшын, канадалық армия, француз жасақтары қатарында, югослав және словак қақтығысында нацистермен және олардың одақтастарымен күресті", - деді Порошенко.

Оның айтуынша, Еуропа халықтарын нацизмнен азат етуде және Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі ортақ жеңісте украиндердің үлесі талассыз. "Тәуелсіз мемлекет болмай жатып, Украина іс жүзінде Антигитлерлік коалицияның маңызды қатысушысы болып, лайықты түрде БҰҰ-ның құрылтайшы мемлекеттерінің бірі атанды", - деді Украина басшысы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети